Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Ережені бұзбаса, айыппұл салынбайды — Министр

26.03.2025

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі іске қосқан подкастта ішкі істер министрі Ержан Сәденов резонанс тудырған бірқатар сұраққа жауап берді, оның ішінде жақында пайда болған «Штрафстан» түсінігіне қатысты сауал да болды.

«Меніңше, бұлай ережені бұзатындар айтады. Қоғамның бір бөлігі, әрине, түсінеді. Біз бірқатар заңнамалық шара қабылдадық, кейбірі қатаң шығар, бірақ онсыз тәртіп орнату мүмкін емес деп ойлаймын. Ережені бұзбасаңыз, айыппұл салынбайды. Адамдар осыны түсінуі керек. Ал жағымсыз сөзді айтатындар өз мемлекетін, Отанын құрметтемейтін болар. Ол адам өзіне қарап алуы керек. Ол неге бұлай істейді? Тәртіпті бұзба, түкірме. Бұл қарапайым ғана нәрсе. Бұл мәдениет»,  деді еліміздің бас полицейі.

Ержан Сәденов полиция барынша көп айыппұл жинауды мақсат етіп отырмағанын атап өтті.

«Жалпы полицияның мақсаты профилактика, заң арқылы қоғамның санасына жеткізе отырып, алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың азаюына қол жеткізу екенін атап өткен жөн. Яғни, қоғамның өзі бұлай істеуге болмайтынын түсінуі керек. Біздің қоғам, мемлекетіміз, халқымыз бұған жақын арада қол жеткізеді деп ойлаймын», деді ІІМ басшысы.

Сонымен қатар Ержан Сәденов «Заң мен тәртіп» қағидаты біздің қоғамға генетикалық деңгейден тән екенін айтты.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы бар, дала заңдары болған. Тәртіп бұзба. Тәртіпті бұзсаң, жауап бересің», деді ол.

Ведомство басшысы жазаның бұлтартпаушылық қағидаты құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауға жағдай жасайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.