Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

21.03.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдерімен бірге Ұлыстың Ұлы күніне арналған көпшілік іс-шараға қатысты.
Возможно, это изображение 4 человека, Двугорбый верблюд и текст
Аудан жұртшылығын Наурыз мейрамымен құттықтап, аймақта атқарылған, қолға алынған, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарға тоқталды.
«Баршаңызды береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Президентіміздің бастамасымен өткен жылдан бері Наурыз мейрамы «Наурызнама» онкүндігі аясында тойлануда. Бұл көктем мерекесінің мазмұнын байытып, көпшілікті ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіре түсті.
Ұлыстың Ұлы күні Сыр еліне толайым жаңалықтарымен келді!
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда.
Өткен жылы облысымыздың бюджетін 750 млрд. теңгеден асырдық.
Жергілікті кәсіпкерлер, осы елден шыққан меценаттар, туған жерді түлетіп, көркейтуге бар күш-жігерін салып, демеушілік көрсетіп, белсенділік танытты.
Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.
Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.
Әз Наурыз тәуелсіз елімізге, туған жерімізге молшылығымен, игілігімен келсін!
Жеріміздің тынысы кең, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың келешегі кемел болсын деп тілеймін! Егініміз бітік шығып, қамбамыз астыққа толсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын!», — деді Н.Нәлібаев.
Возможно, это изображение 5 человек, ребенок и текст
Мұнда Наурыз мейрамына арналған тақырыптық киіз үйлер тігілген. Ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесі қойылып, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Аймақ басшысы бүлдіршіннің тұсауын кесіп, қадамына сәттілік тіледі.
Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, еңбек ардагері, Шиелі ауданының құрметті азаматы Рахим Мәуияұлы ақ батасын берді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.