Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Полицейлер жыл басынан бері 2 тоннаға жуық есірткі затын тәркілеген

13.03.2025
Ағымдағы жылдың екі айында ішкі істер органдары 1,5 мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның 600-ден астамы – қылмыстық құқық бұзушылықтар. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

«Өткен жылмен салыстырғанда шамалы өсім бар, бұл біздің жұмысымыздың жанданғанын дәлелдейді. Есірткі қылмысы-қылмыстың жасырын түрі. Сондықтан екі айдағы статистика есірткі қылмыстарының өскенін көрсетеді. Осылайша, заңсыз айналымнан есірткі заттары көбірек алынып тасталды және олар түпкілікті тұтынушыға жете алмады», – деді ол.

Спикердің мәліметінше, жыл басынан бері еліміздің ішкі істер органдары 2 тоннаға жуық есірткі затын тәркілеген, оның ішінде 120 келі есірткінің синтетикалық түрі, 140 келіден астам гашиш, 600 грамм кокаин бар.

Қуандық Әлжанов ішкі істер органдары өз жұмысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті, кеден қызметтерімен өзара іс-қимыл жасайтынын, есірткі құралдарын контрабандалық әкелудің жолын кесу жөнінде шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.