Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Елімізде 180 қар барысы бар

13.03.2025
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру – әлемдік қауымдастық тарапынан био әртүрлілікті сақтаудың ең тиімді кешенді шарасы болып танылды. Тәуелсіздік жылдары Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және құру жұмыстары нәтижесінде олардың алаңы 869 мың га-дан 30,9 млн га дейін ұлғайды. Елімізде био әртүрлілікті сақтап қалу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде сирек кездесетін жабайы жануарлар популяциясы айтарлықтай өсті. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде осылай деді.

Оның айтуынша, елімізде қар барысының санын қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар кешенді шара қабылданды, олардың негізгі тіршілік ету учаскелерінде 3,6 млн га аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды, қазіргі кезде қар барысы мекендейтін жерлердің 70%-ға жуығы ерекше қорғалатын аумақтармен қорғалған.

«Есепке алу және мониторинг жүргізудің заманауи әдістері, фототұзақтар мен спутниктік телеметрия белсенді қолданылады. 11 барыс спутниктік арнайы мойын қарғысымен таңбаланды. Қар барыстарын қорғау және мониторинг жүргізу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде, олардың саны 90-шы жылдардағы ең төменгі деңгейден екі есеге артып, 180 басқа дейін жетті», – деді спикер.

2024 жылы Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын тарихи мекенінде қалпына келтіру бойынша екі үлкен жоба жүзеге асырыла бастады. Жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін резерваттың аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінді, 100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді, еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді. Өткен жылы күзде Іле-Балқаш резерватына арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландтан 2 жолбарыс әкелінді. Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде.

«Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бұрын бұл жылқылар еліміздің 9 облысын мекен еткен. Пржевальский жылқысы әлемдік жабайы табиғаттан 1960 жылдардың соңына қарай жойылып кеткен болатын. Министрліктің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының арқасында Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватына Прага хайуанаттар бағынан 7 бас Пржевальский жылқысы әкелінді», – деді ведомство өкілі.

Жалпы, 2029 жылға дейін 40 бас жылқы әкелу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.