Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қой етін экспортқа шығарады

08.03.2025

Жаңаарқа ауданындағы «Uly Dala Co» ЖШС қой етін экспортқа шығара бастады. Серіктестіктің ет өңдейтін комбинатынан жақында Қатар еліне 2,5 тонна қой еті экспортқа жіберілді.

Комбинат ашылған кезде Қатар­мен арада ет экспорттау туралы келісімшарт жасасқан болатын. Соған орай өткен жылдың желтоқсан айында 2 тонна қой етін экспортқа шығарып, енді міне жыл басында екінші кезектегі өнімін жөнелтті. Серіктестік бұдан бөлек, алдағы уақытта Иорданияға жылына 500 тонна ет жіберуді жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты міндеттерге тоқтала келіп: «Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды» деген еді. «Uly Dala Co» ЖШС қолға алып жатқан жоба­лар осы талапқа толық сай келетінін бағамдауға болады.

Ақтайлақ елді мекенінде орна­ласқан серіктестіктің ет комбинаты өткен жылдың күз айына қарай ашылды. Ет өнімдерін салқындату қоймалары, тоңазыту камералары, зертханасы, мал сою цехы және консерві цехы сияқты технологиялық бірегей желілерді қамтыған жаңа кәсіпорында қазір 18 адам еңбек етеді. Комбинаттың тәулігіне 4 тоннаға дейін ет өңдеп, 3 мыңға жуық бұқтырылған ет қалбырын шығаратын мүмкіндігі бар. Кәсіпорынның консерві цехында бұқтырылған еттің үш түрі – қой, сиыр, жылқы еттері қалбырланады.

Алдағы уақытта етпен үздіксіз қамтамасыз ететін мал бордақылау алаңын іске қосу да ойластырылған. Қаражал қаласының сыртындағы Шалғия алқабындағы 100 мың гектардай жайылымдық жерінде мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар қолға алынған. Шаруашылықта 1 500 жылқы, 2,5 мың қой түлігі бағылып жатыр.

Амандық РАХҰЛЫ,
Ұлытау облысы 

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.