Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Ақтөбеде балаларына алимент төлемеген әке сотталды

27.02.2025

Былтыр және биыл алимент төлемеу фактілері бойынша облыс прокуратурасы 37 сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысын бастады. Оның ішінде 7 борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды, 10 қылмыстық іс қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды, 20 іс өндірісте, деп жазады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, қазірдің өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді.

Мысалы, борышкерлердің бірі алимент бойынша 2,5 млн теңгеден астам қарызы бола тұра, екі жыл бойы төлеуден жалтарған.

«Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысы бір ай ішінде аяқталып, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді. Сот үкімімен борышкерге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Қазіргі таңда 2,5 млн теңге қарыздың 1 млн теңгесі өтелді. Балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда», делінген прокуратура хабарламасында.

 

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.