Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ЕГІН АЛҚАПТАРЫ ҰЛҒАЙЫП, СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ДАМУДА

25.02.2025
Егін шаруашылығын дамыту және егістік алқаптарын әртараптандыру – Мемлекет басшысының Жолдауында ерекше мән берілген мәселелердің бірі. Суармалы егіншілікке негізделген Қызылорда облысы үшін бұл бағыттағы жұмыстар аса маңызды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов айтты.
— Аймақта жыл сайын егін алқаптары ұлғайып келеді. Өткен жылы 189,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал, негізгі дақыл — күріштің көлемі 85,6 мың гектарды құрады. Өткен жылы Мемлекет басшысының қолдауымен және Үкіметпен дер кезінде жүргізілген келіссөздер нәтижесінде, егіс алқаптары сумен толық қамтамасыз етіліп, су тапшылығы орын алған жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су үнемдеу технологияларын пайдаланып егілген егіс көлемі 4,4 мың гектарға жеткізілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға немесе 5 есеге артты. Осы орайда суды үнемдеу және егісті әртараптандыру мақсатында өңірде 5 мың гектарға су үнемдеу әдісімен жүгері, малазықтық дақылдар егу бойынша 3 ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда,-деді, Бахыт Дүйсенұлы.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.