Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Басты жаңалықтар

Президент Сауд Арабиясы Корольдігіне құттықтау жеделхатын жолдады

24.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудты және осы елдің Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салманды Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жеделхаттарда халықаралық қауымдастық Сауд Арабиясын экономикасы қарқынды дамыған, іргесі берік, беделді мемлекет ретінде танитынын жазған. Сондай-ақ Корольдік Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің жауапты қызметтеріне толағай табыс, халқына құт-береке тіледі.

 

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.