Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

21.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинмен кездесті. Басқосуда өңірдің ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар мен қолға алынған жобалар талқыланды. Сонымен қатар, егісті әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану және өндіріске жаңа технологияларды енгізу мәселелері көтерілді.
Аймақ басшысы мемлекеттік қолдаудың арқасында мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артқанын атап өтті. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту, жергілікті өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және саланы цифрландыру оңтайлы шешімін тауып келеді.
Вице-министр Сыр еліне жұмыс сапары аясында аудандарға барып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстармен танысады.
Айта кетейік, өткен жылы мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бюджеттік бағдарламасы бойынша 623 тауар өндірушіге субсидия төленген.
Өңірде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасынасәйкес 2030 жылға қарай 16 мың тоннаға дейін балық өсіру жоспарлануда. Тауарлы балық өсірумен 93 шаруашылық айналысады. Былтыр 1001,2 тонна балық өсіріліп, белгіленген көрсеткіш толық орындалды. Биылға 1426 тонна меже бекітілген.
Ветеринариялық іс-шараларды уақытылы жүргізгеннің нәтижесінде аймақтың эпизоотиялық жағдайы тұрақты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.