Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

14.02.2025
Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ, Ібайдулла Тілеп, Нұрлан Имандосов Қазалы ауданына қарасты Абай, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.
Облыстық мәслихат төрағасы облыс әкімінің бастамасымен атқарылған, қолға алынған, алдағы уақытқа жоспарланған жобалар туралы айтты. Мәслихаттың жұмысына, депутаттардың көтерген мәселелеріне тоқталып өтті.
Ауыл тұрғындары көшелерді асфальттау, электр желілерін жөндеу, балабақша, жанармай бекетін ашу, каналдарды тазарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауылға қосымша полиция инспекторын бекіту, полиция бөлімшесіне қызметтік автокөлік, өрт сөндіру көлігін алу, аурухана салу туралы ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған аймақ басшысының жүйелі жұмыстарына оң пікірлерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Кездесуден кейін халық қалаулылары Жанқожа батыр ауылындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 300 орындық мектеп құрылысымен, Бекарыстан би ауылындағы №24, Ғани Мұратбаев ауылындағы №91 мектептердің жұмысымен танысты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.