Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

08.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барып, құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге «Руханият орталығының» жұмысымен танысты, тұрғындарды жеке қабылдады.
Жеке қабылдауға келген 78 азамат электр желілерін жаңғырту,айналма жол салу, көшелерге жөндеу жүргізу, теміржол үстінен көпір салу, газ сапасын тексеру, жарық бағаналарын орнату, балалар ойын алаңын салу, тағы басқа мәселелерді көтерді.
Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны клуб үйін жаңадан салып беруді сұрады. Аймақ басшысы бұл нысанға 6,9 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынғанын атап өтті.
Кент тұрғыны аудан орталығының көшелерін асфальттау мәселесін көтерді.Жосалы кентінің 11 көшесін жөндеуге қаржы бөлінгені, жақын арада мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталатыны айтылды.
Тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларынан өз сұрақтарының заң аясындағы шешімі туралы маман кеңесін алды. Жұртшылық сұранысына жедел үн қатып, мәселені шұғыл шешу үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Кейінгі жылдары дәстүрге айналған бұл бастама ел арасында үлкен қолдауға ие болды және алдын ала хабарланған жеке қабылдауға келушілер саны артып келеді.
Сапар барысында облыс әкімі еңбек ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, аймақтың, ауданның даму бағыты, түйткілді мәселелерді шешу жолдары туралы пікір алмасты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.