Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

07.02.2025
Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүзеге асырылуда. Жоба асында қаржы сарапшылары қазақстандықтарға қаржылық сауат курстарын өткізеді. Әсіресе, онда несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық берілмек.
2023 жылы басталған пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. 2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның игілігін барша халық көруі керек деген еді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «АМАNАТ» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейтетін Жол картасын және қалаларда ашылатын жобалық кеңселердің жұмысы туралы Ережені дайындады. Жобалық кеңселер азаматтарға қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.
Бүгінде жобаға қатысушылардың 40%-дан астамы – қарыз жүктемесін, 70%-ы – ай сайынғы несие төлем мөлшерін, ал 41%-ы – несиелердің жалпы санын азайтты. Сондай-ақ, жазғы каникул кезінде «Қарызсыз қоғам» сарапшылары мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының еліміз бойынша 7,5 мың ұстазын қаржылық сауатты арттыру әдістемесіне оқытты. Өткен жылы республика бойынша 500 мыңнан астам оқушы мен 100 мың студент білім алды. Осы шараның барлығы мемлекеттің араласуымен проблемалық несиелер үлесін 18%-дан 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың және «AMANAT» партиясының үйлесімді жұмысының нәтижесі.
Жоба аясында қаржылық интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, бизнесті дамыту, тұрғын үй алу, білім алу сияқты мемлекеттік қаржылай қолдау бағдарламалары арқылы ұсынылатын жаңа қаржылық құралдарды үйрету бағыттары да қамтылуда.
«Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруға 12 коммерциялық банк пен 11 мемлекеттік орган қатысуда. Жобаға қатысуға ниет білдірген азаматтарға ыңғайлы болуы үшін qogamfin.kz. онлайн-платформасы әзірленді. Сайт арқылы оқу курсына жазылып, пайдалы материалдар мен бейне сабақтарды жүктеп алуға болады.
Айта кету керек, қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеуге қойылатын талаптар қатаңдатылған және несие бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелері төмендетілді. Сонымен қатар, коллекторларға азаматтардың несиелерін сатуға екі жылдық мораторий енгізілді. Осы және өзге де шаралар қарыз алушылардың жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беруде.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.