Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

АУДАН ХАЛҚЫН ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 54 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

29.01.2025
Жаңақорған ауданында былтыр Шалқия, Құттықожа, Кейден ауылдары табиғи газға қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте белгілі болды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндаған аудан әкімі Мәжит Самитов өткен жылы газдандыру жобаларына 5,3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтты.
«Төменарық ауылы мен Жаңақорған кентінің қалып кеткен аумақтары толық газдандырылды. Әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларына сатып алынған үйлерді газбен қамту жұмыстары да жүргізілді. Жаңақорған автоматты газ тарату станциясының қуаты 20 мың куб сағаттан 40 мың куб сағатқа кеңейтілуде. Бұл жоба сәуір айында аяқталатын болады. Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан халқын газбен қамту көрсеткіші 54 пайызға жетті», — деді аудан әкімі.
Мәжит Самитұлының айтуынша Төменарық елді мекеніне тартылған газ құбыры өтетін аумақта орналасқан тағы 5 елді мекенді (Сунақата, Еңбек, Екпінді, Қожамберді, Сүттіқұдық) газдандыруға демеушілер есебінен жобалар әзірленген. Жобалардың жалпы құны 5,6 млрд.теңге.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.