Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстан мен Израиль су саласы бойынша ынтымақтастық орнатып жатыр

27.01.2025

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Израильдің Dan Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы Шимон Бен Хамомен кездесті. Тараптар Қазақстанда гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Бүгінгі таңда израильдік инженерлер 4 су қоймасын қарап, оларды реконструкциялау бойынша ұсыныс берді. Тараптар Жамбыл облысындағы Ынтымақ су қоймасын жаңғырту және оның көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ министр заманауи су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, Сарысу ауданының ирригациялық каналдарын жаңғыртуды ұсынды. Израиль инвесторлары қазақстандық компаниялармен бірлескен жобаны жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ шетелдік делегация Израильде «Қазсушар» мамандары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды ұсынды. «Бұдан әрі талқылау бірлескен жұмыс тобы аясында жалғасады. Екі жақтың сарапшылары жобаның техникалық құрамдас бөлігін қарастырады. Сондай-ақ жұмыс тобы біздің мамандардың біліктілігін арттыру курстарының бағыты мен тақырыбын анықтайды», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.   ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ақпарат 24.kz сайтынан алынды

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.