Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

22.01.2025
Қала тұрғындарын жайлы баспанамен қамтамасыз ету мақсатында шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 2024 жылы аймақ басшысының тікелей қолдауымен 10 млрд. 122,1 млн. теңге бөлінді.
Возможно, это изображение 1 человек
Өткен жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында 504 пәтерді құрайтын 7 қабатты 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінде осы мөлтек ауданда 400 пәтерді құрайтын көпқабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жуырда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарын «Орион», «Интегрострой», «Техаснастка Ремсервис», «Авангард ПГС», «ПромстройСервис Е», «Асар», «АманҚұрылыс» құрылыс мекемелері жүргізуде. Жобаға сәйкес, тұрғын үйлердің кіре беріс жолы кеңейтілген, үй ауласы көлік тұрағымен, спорт және балалар ойын алаңдарымен және демалыс аумақтарымен қамтылған.
Айта кету керек, бүгінде «Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы аясында облыс орталығында 7 қабатты 84 пәтерлі 10 тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары дайын, көпқабатты 50 пәтерлі 12 тұрғын үйдің құжаттары әзірленуде. Құрылыс жұмыстары жақында бастау алады.
Нет описания фото.
Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы осы санаттағы азаматтарға 936 пәтер пайдалануға берілді. Апатты деп танылған үйлердің де тұрғындарын жаңа баспанаға көшіру сәтімен жүзеге асырылуда. Қазір «Титов» қыстағында 135 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері тұрғындар жаңа баспанаға көшіріледі. Дәл осы санаттағы үй тұрғындары үшін көктем мезгілінде келесі 135 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бастау алады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.