Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Басты жаңалықтар

Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

15.01.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды, сондай-ақ көлік-логистика саласында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Abu Dhabi Ports компаниясының бірқатар ірі нысан құрылысына қатысты жоспарына қолдау көрсетіп, бұл бастамалар Қазақстанның Каспий теңізіндегі айлақ және теңіз инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық мүддесіне сай келетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымы мен тасымал дәліздерін дамыту еліміздің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуде және халықаралық сауданы жандандыруда ерекше рөл атқаратынын жеткізді.

Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ Президентке «Самұрық-Қазына» қорымен және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен тиімді серіктестік орнатқаны туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

04.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.