Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

14.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін ұдайы айтып келеді. Осы орайда Президент “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтағанын тілге тиек етіп, осы ретте күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жойылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың, мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, ауыл еңбеккерлерінің, яғни барша отаншыл азаматтардың еңбегін бағалауымыз қажет екенін атап айтқан болатын.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Осы орайда, өңірімізде қазақ тілінің өрісін кеңейтіп, мәртебесін арттыруға алдынғы буын ағаларымыздан бастап, жастар легі де зор белсенділік танытып келеді.
Кеше Достық үйінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлының төрағалығымен Қызылорда облыстық филиалының жиыны өтіп, еңбек ардагері, «Парасат» орденінің иегері Аңсат Сәдуақас Әбдіқадырұлының мерейлі 80 жасқа толуына орай қазақы дәстүрге сәйкес құрмет көрсетілді. Сондай-ақ облыс әкімінің қабылдауында ана тілімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградасы «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапаттағанын атап өтті.
Жиын барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы президентінің бұйрығымен Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты Жүнісов Абайбек Талғатұлы тағайындалды.
Возможно, это изображение 7 человек и текст
Тіл жанашырларының бас қосуында Сәдуақас ағамызды құттықтап, өз пікірімді білдірдім. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің жаңа төрағасына сәттілік тілеп, алдағы жоспарларының жүзеге асуына тілектестік білдірдім. Өмірін ғылым саласына арнаған азаматтың мемлекеттік тіліміздің одан әрі дамуына ерекше үлес қосады деп есептеймін.
Айта кету керек, “AMANAT” партиясының қазақ тілін дамытуға ерекше назар аударуға бағытталған “Менің Елім-Менің тілім” жобасы да еліміздің түкпір-түкпірінде белсенді жүзеге асып, нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.