Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.12.2024

Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелерге орай жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктелді.

–Биылғы 10 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 193 млрд. 900 млн. теңге болып, өңіріміз республикада бірінші орынға тұрақтады. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 128 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, 197 нысан салынуда.
Ендігі міндет – басталған жұмыстарды аяқтап, нысандарды пайдалануға беру. Бекітілген эскиздік жобадан ауытқымауды, ішкі әрлеудің сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Тұрғын үйлердің де сапасына және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуына баса мән берілсін», – деді Н.Нәлібаев.

Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 701,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған болатын. ​Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес 863,9 мың шаршы метр тұрғын үй салу межеленіп, жоспар артығымен орындалуда. Жыл басынан бері 772,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,9% құрады.

Бүгінде 1 мектеп қолданысқа берілді, қалған 3-і жыл соңына дейін пайдалануға қабылданса, 6 мектепті алдағы жылы іске қосу жоспарлануда. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 15 нысанның құрылысын жүргізуге бюджеттен 5,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 дәрігерлік амбулатория, 8 спорт кешені, 4 ауылдық клуб, 8 инженерлік желі салуға 1,5 млрд.теңге берілген. Ал тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд. теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2 500-ге жуық пәтер табысталмақ.
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында жеті қабатты 6 кредиттік үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін жеке құрылыс салушылардан 1954 дайын пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде 1060 пәтер сатып алынды, оның 317-сі Қызылорда қаласында, қалған 538-і аудандарда.

Алдағы жылы бес қабатты 10 тұрғын үй пайдалануға беріліп, жеті қабатты 10 тұрғын үй құрылысы басталмақ. Сонымен бірге, республикалық бюджет қаржысы есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 275 жаңа пәтер сатып алу қарастырылған.

Мәжіліс қорытындысында аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, алдағы мерекелер қарсаңында баға тұрақтылығын, коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын, қауіпсіздік шараларын рейдтік тексеруді тапсырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.