Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Басты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КУВЕЙТТІҢ ТАҚ МҰРАГЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

13.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Кувейттің Тақ мұрагері, шейх Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабахпен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды серіктесі ретінде атап өтті.

Президент екі ел арасында тұрақты саяси диалог пен экономикалық ықпалдастық дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстанның Кувейтпен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің Қазақстан экономикасына қаржы құятын ірі инвестордың біріне айналуға әлеуеті мол екеніне сенім білдіріп, елімізде бірқатар Кувейт компаниясының табысты жұмыс істеп жатқанын мысалға келтірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән бере отырып, сауда-экономикалық байланыстарды жандандыра түсу жөнінде уағдаласты.

Әңгімелесу барысында көпжақты құрылымдар аясындағы, соның ішінде Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі форматындағы ықпалдастыққа басымдық берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахты Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.