Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

12.11.2024
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні — 17-22 м/с. Қонаевта 12 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Қарағанды облысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман. Қарағандыда түнде жаяу бұрқасын.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар мол жауады. Бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Өскеменде жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Абай облысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні — 23 м/с. Семейде түнде және таңертең жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні — 15-20 м/с.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.