Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясында қосымша оқуға қабылдау басталды

04.11.2024
Модульдік оқыту негізгі жұмыстан қол үзбей өз құзыреттерін арттырғысы келетін азаматтарға арналған. Оқу жылы 6 модульден тұрады. Әрбір модульде офлайн және қашықтан оқыту форматтары қарастырылған. Мұндай тәсіл білім алушыларға оқу материалдарын арнайы кесте бойынша ыңғайлы түрде игеруге мүмкіндік береді. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор мамандары, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатыса алады.
Магистратура бойынша 1 жылдық екі бағдарлама қарастырылған: «Мемлекеттік басқару – Executive Master of Public Administration» және «Өңірлік даму – Master of Regional Development».
— «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына үміткерлердің басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасына түсушілердің жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы қажет. Осы жылы мемлекеттік қызметшілерге де модульдік бағдарламалар бойынша магистратураға оқуға түсуге мүмкіндік ұсынылды. Олар мемлекеттік органнан жолдаманы ұсынуы керек. Сонымен қатар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты болуы қажет, – деді осы тақырыпқа арналған брифингте академия ректоры Ерлан Әбіл.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.