Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай Халықаралық конференция өтті

26.10.2024
Жазушы тұрған үйге ескерткіш тақтаның ашылуы, Достық үйінде Жазушылар Одағының бастамасымен «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Конференцияға Франция, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Литва және т.б. шетелдік жазушылар мен еліміздің зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Жиынды Жазушылар Одағының төрағасы М.Құлкенов жүргізді. Алғашқы сөз алған Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Құттықтау хатын оқып, жазушыны ұлықтауға арналған конференция жұмысына табыс тіледі.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қалдыбеков, ТҮРКСОЙ ұйымының төрағасы С.Раев, Халық жазушысы С.Елубай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Оразалин, халық әртісі А.Әшімов, мемлекет және қоғам қайраткері Қ.Көшербаев, Қырғыз Республикасының ақыны М.Азаматов, жазушының қызы Ш. Нұрпейісова классик жазушының сан түрлі тұлғалық қырларына тоқталып, шығармашылығы туралы сөз етті.
Конференция жұмысына Сыр өңірінің делегациясы арнайы қатысты.
Шарада сөз алған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ш.Байманов аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың құттықтауын оқып, конференция ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сәттілік тіледі.
Конференциядан кейін абыз ақсақалдың рухына арналған салтанатты ас берілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.