Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қызылордада «Алтын күз-2024» жәрмеңкесі өтті

14.10.2024
Фото: Облыс әкімдігі

 

Қала күніне орайластырылған ауқымды іс-шарада Қызылорда қаласы мен барлық ауданнан келген ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері белгіленген орындарда өз өнімдерін саудаға шығарды.

Тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген Сыр диқандарының 1000 тоннадан астам өнімдері ұсынылды.

Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 25 тонна ет және 40 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 70 тонна сәбіз, 120 тонна пияз, 150 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 250 тонна бақша өнімдері, 10 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық кондитер өнімдері, 200 бас тоқты және 40 тонна жем-шөп жеткізілді.

Биыл Сыр диқандары 189 400 гектар жерге егін екті, 85 600 гектар күріштен 58 центнерден өнім алып, жарты миллион тоннаға жуық Сыр маржанын жинады.

Бүгінгі күні күріштен басқа да дәнді дақылдардан 18,5 мың тонна, майлы дақылдардан 4,9 мың тонна, картоп, көкөніс, бақша өнімдерінен 352,7 мың тонна, мал азықтық дақылдардан 327 мың тонна өнім қамбаға құйылды.

Бүгінгі жәрмеңкеде жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, балаларға арналған ойындар ұйымдастырылып, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.