Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

3 өңірдегі өрт: министр үкімет басшысына есеп берді

08.10.2024

6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы аумағында шөп өртеніп, өрт Павлодар облысы Баянауыл ұлттық табиғи паркіне тарады. Өртке қарсы жұмылдырылған күштер мен құралдарды үйлестіру мақсатында министрліктің жедел штабы іске қосылды. Сондай-ақ Павлодар облысы Желтау ауылында далалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр, – деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, өртті жоюға вице-министр жауапты. Абай, Ақмола облыстары мен Астана қаласының құрылымдары, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның тікұшақтары оқиға орнына бағытталды.

Павлодар облысы тарапынан Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың эвакуациялық пунктіне эвакуацияланды. Қазір Павлодар облысында дала өрті толық оқшауланды, күштер жағдайды бақылап отыр. Бүгін Қарағанды облысында да сондай нәтижеге жетеміз деген ойдамыз. Барлық күш тартылды, қажет іс-шаралар қабылданып жатыр, — деді министр.

Шыңғыс Әрінов Қостанай облысында дала өрті тіркелгенін жеткізді.

Бүгін түнде Ресейден Қостанай облысы Жетіқара ауданына дала өрті тарады. 500 гектар жер өртенген. Дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде оның бәрін жойдық. Қазір жағдай тұрақты, — деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Қарағанды облысында өрт шығып, 33 жастағы маман көз жұмғаны хабарланған еді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.