Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

КӨЛІК МИНИСТРІ “ҚЫЗЫЛОРДА-ЖЕЗҚАЗҒАН” ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН КӨРДІ

19.07.2024
Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту барысымен танысты. Сыр өңірін еліміздің орталығымен байланыстыратын күре жолдың ұзындығы – 424 шақырым. Қызылорда облысының аумағындағы 216 шақырымның 140 шақырымы осы жылы аяқталады. Жоба құны — 108,5 млрд. теңге.
Бүгінде Ұлытау облысының аумағындағы сегіз учаскенің құрылысымен айналысатын төрт мердігер анықталған. Оларға биыл күзде жұмысқа кірісу міндеті қойылды.
Ал Қызылорда облысындағы учаскелерде құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. Оған шетелдік және жергілікті компаниялар жұмылдырылған. Бес асфальтбетон зауыты мен алты арнайы ұсақтау қондырғысы жұмыс жасайды. Аймақтағы бес учаскеде құрылыс қарқынды. Мердігерлерге 140 шақырымды биыл аяқтау міндеттелді.
Возможно, это изображение 1 человек
Бүгінде Қызылорда облысындағы жол учаскелеріне 120 шақырым жаңа асфальт төселді (төменгі қабат). Құрылысқа 900 маман және 450 арнайы техника жұмылдырылған.
«Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысу барысында Көлік министрі М.Қарабаевтың қатысуымен арнайы мәжіліс өтті. Жиынға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары А. Зебешев, Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы А. Абдуллин, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ төрағасы Д.Иманашев, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ж. Сыздықов, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры Е. Жүнісов қатысты.
Сонымен қатар, кездесуде республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысы бағытындағы 566 шақырым бөлігін 4 жолақтыға (I-б техникалық санатқа) ауыстыру мәселесі қаралды. Жобалау-іздестіру жұмыстарын, техникалық-экономикалық негіздемесін, мердігерді осы жылы анықтау және жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың 4-тоқсанында бастау жоспарлануда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.