Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қызылордада есірткі сатты деген күдікпен мұғалім құрықталды

20.05.2024

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Тәртіп сақшылары құрықтаған мұғалім облыс орталығына жапсарлас жатқан ауылда еңбек еткен. Белгілі болғандай, күдікті 6,8 және 9 сынып оқушыларына еңбек пәнінен сабақ берген. Бүгінде педагогтың есірткі затын жасөспірімдерге сату фактілері тергелуде.

«Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізуі нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшердегі есірткі затын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктеліп ұсталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Қызылордадағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыға қатысты анайы әрекет жасағаны үшін қамалған болатын. Бүгінде аталмыш оқиға бойынша сот отырыстары жабық түрде өтуде.

Айнұр Төлешова

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.