Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Храпунов пен Мыңбаевтың АҚШ-тағы активтері табылды

20.05.2024

Вашингтонда орналасқан Global Financial Integrity сараптама орталығы соңғы 20 жылда АҚШ-тың 22 штатындағы коммерциялық жылжымайтын мүлікке 2,6 миллиард доллардан астам күдікті қаражат инвестицияланғанын хабарлады. Нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Баяндамада күдікті инвестициялардың 25 дерегі анықталғаны, оның сегізі шетелдің мемлекеттік қызметкерлері немесе олардың туыстарына қатысты екені айтылады. Ұйым мәліметінше, ақша әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Иран, Солтүстік Корея, Ресей және Мексикадан келіп, қонақүйлер, сауда орталықтары, супермаркеттер, музыкалық студия мен ат спорты кешенін сатып алуға жұмсалған.

Сараптама орталығының баяндамасында Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов, ҚТЖ-ның бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаев, сондай-ақ Казкоммерцбанктің бұрынғы тең қожайыны Асқар Алшынбаев туралы айтылған. Соңғы екеуінің есімі қатар аталады. Сарапшылардың мәліметінше, Храпунов Нью-Йорк пен Огайодағы сауда орталығын, психиатриялық мекеме мен бизнес орталығын 35 миллион долларға алған. Алшынбаев пен Мыңбаев Нью-Йорк пен Флоридада 391 миллион долларға кеңсе ғимараттары мен коммерциялық пәтерлер сатып алған, деп жазады Nege.Aqsha арнасы.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.