Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Денсаулық

Қазақстанда 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

04.05.2024
Фото: aikyn.kz

Телеарна мәліметінше, Қазақстанда фармацевтикалық препараттардың құны соңғы бір жылда 11 пайызға өскен. Алайда сарапшылар алдағы уақытта дәрілік заттарды таңбалау басталғанда баға тағы өсетінін айтады.

Өңірлер арасында фармацевтикалық өнімдер бағасының өсімі бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр. Мұнда дәрі-дәрмек 18,4 пайызға қымбаттаған. Одан кейінгі орында Астана мен Шымкент қалалары тұр. Ал ең төмен баға Маңғыстау облысында тіркелген. Онда дәрі-дәрмек құны 5,6 пайызға көтерілген.

Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаровтың сөзінше, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір қымбат.

Тіпті, 400-500 пайызға жетіп жатады. Жалпы бағаның өсуіне әуелі инфляция әсер етеді, — дейді ол.

Дәріхана иелері дабыл қағуда. 1 шілдеде дәрілік заттарды таңбалаудың басталуы фармацевтикалық препараттардың бағасына кері әсер етеді. Өйткені таңбалау процесіне кәсіпкерлер қаражатты өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болады.

Дәріханалардың бірінің иесі Әйгерім Аманбаева «дәрілерді таңбалау контрафактілі өндірістер мен заңсыз тауар айналым тәуекелдерін жоя алмайтынын» айтады.

«Біз келісімшартпен жұмыс істейміз. Салық төлейміз. Жалға алу ақысын, еңбекақы төлейміз. Енді таңбалау енгізетін болсақ, бізге қосымша қаржы керек болады. Таңбалау кішігірім бизнеске өте қиын», — дейді ол.

Дәрілік заттарды таңбалаудың енгізілуі отандық өндірушілерге де оңай соқпайын деп тұр.

Таңбалауға қажет ең арзан құрал-жабдық 100 мың доллардан басталады. Одан кейін оларға 30 мың долларға дейін бағдарлама керек.

«Қазақтелекомның» бағдарламасы мен өндірістің бағдарламасын жүйелендіру үшін. Жылына 2 млн рубльге дейін отандық өндірушілер тағы төлейді», — дейді «Қазақстанның фарммединдустриясы» қауымдастығының атқарушы директоры Гүлдария Манақбаева»

Дәріхана иелері мен отандық өндірушілер дәрілік заттарды таңбалау процесін жетілдіру керек екенін айтады. Әйтпесе, олардың айтуынша, дәрі-дәрмектің бағасы алдағы уақытта 2 есеге өсуі мүмкін.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.