Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Бала ата-анасының бірінен айырылса, мектептен әлеуметтік көмек ала алады – Айнұр Дүйсенаева
Жаңалықтар

Бала ата-анасының бірінен айырылса, мектептен әлеуметтік көмек ала алады – Айнұр Дүйсенаева

12.03.2025676 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Егер бала ерте жасынан әкесінен айырылып, анасы жұмыссыз болса, мемлекеттен қандай көмек ала алатыны жайында Жетісу облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Айнұр Дүйсенаева айтып берді.  

Бала ерте жасынан асыраушысынан айырылып, әкесі не шешесі жұмыссыз болса, мемлекеттен қандай көмек ала алатынын айтып берді. Егер ол баланың атында баспанасы болса, мүлік салығынан да босатылуы мүмкін.  

Оның айтуынша, бұл жағдайда кәмелет жасына толмаған баланың анасы бар болғандықтан, ол «жетім» болып есептелмейді. Десе де, оған мемлекет тарапынан берілетінін жеткізді.

– Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 234-бабына сәйкес,  кәмелет жасына толмаған баланың асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар. Жәрдемақыны алу үшін кәмелет жасына толмаған баланың анасы, яғни заңды өкілі ретінде баланың тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтінішпен жүгінеді, – дейді Айнұр  Дүйсенаева.

Әкесінен айырылған, анасы жұмыссыз кәмелеттік жасқа толмаған бала келесі мемлекеттік көмектерді ала алады:

✅ Жетім немесе ата-анасының бірінен айырылған жағдайда берілетін жәрдемақы:

2024 жылы ай сайынғы төлем мөлшері – 54 306 теңге (1,17 ең төменгі күнкөріс деңгейі).

Бұл төлем 18 жасқа дейін төленеді, ал бала оқуда болса  23 жасқа дейін жалғасады. Өтініш eGov.kz немесе ХҚКО арқылы беріледі.

✅ Көпбалалы отбасы болса, тиісті жәрдемақы беріледі:

Отбасында 4 және одан көп бала болса, көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алуға құқылы.

2024 жылы 4 балаға – 16,03 АЕК (55 304 теңге), 5 балаға – 19,04 АЕК (65 908 теңге).

✅ АСП (атаулы әлеуметтік көмек)

Егер отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса, онда АСП (атаулы әлеуметтік көмек) беріледі.

2024 жылғы күнкөріс деңгейі – 48 300 теңге. Егер осы сомадан аз табыс болса, өтініш беру керек.

✅ Мектептегі әлеуметтік көмек

Егер бала мектепте оқыса, оған тегін ыстық тамақ, оқу құралдары және киім-кешек берілуі мүмкін.

Айнұр Қуанышқызының айтуынша, бала кәмелет жасына толмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балаларға салық салынбайды. Сондықтан бала 18 жасқа толғанға дейін жылжымайтын мүлік салығын заңды өкілі ретінде анасы төлейді.

– Қазақстанда Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, мемлекеттік атақтар мен наградаларға ие болған адамдар, ҰОС ардагерлері секілді санаттарына жер салығы мен жылжымайтын мүлік салығы  қолданылмайды.  Сондай-ақ  жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 18 жасқа толғанға дейін салық төлемейді. Алайда жылжымайтын мүлік салығын бала 18 жасқа толғанға дейін оның заңды өкілі ретінде анасы төлейді.

Сонымен қатар мүгедектігі бар баланың немесе мүгедектігі бар тұлғаның ата-анасының бірі, «Батыр ана» атағына ие көпбалалы аналар мүлік салығынан босатылған, – дейді Айнұр Дүйсенаева.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылордада «Жүректен жүрекке» мейірім мен өнер тоғысқан фестиваль өтті

06.12.2025217 Views

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025210 Views

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025524 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «Жүректен жүрекке» мейірім мен өнер тоғысқан фестиваль өтті

06.12.2025

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

04.12.2025

Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады

04.12.2025

«Таза Қазақстан»: Қызылордада студенттерге арналған экологиялық ашық сабақ өтті

04.12.2025

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

03.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.