Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

16.01.2025262 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде электрондық сауданы дамыту, Харбин қаласындағы IХ қысқы Азия ойындарына дайындық, Үкімет қаулыларының жобалары қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен аталған мәселелер бойынша міндеттер айқындалған мәжіліс өтті. Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
«Жергілікті кәсіпкерлерді электронды сауда негіздеріне оқыту жұмыстарын ұйымдастырыңыздар. Электронды саудадағы экспорт көлемін арттыру мақсатында бұл саладағы кәсіпорындардың интернет маркетплейстарға тіркелуіне көмек беріп, тиісті жұмыстарды жүргізіңіздер. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында электронды саудадағы тауар сапасына аса мән беріп, дер кезінде қажетті шараларды қабылдаңыздар.
2025 жылғы 7 ақпан – 14 наурыз аралығында Қытайдың Харбин қаласында тоғызыншы Қысқы Азия ойындары өтеді. Жарысқа мемлекетімізден 139 спортшы қатысып, ел намысын қорғайтын болады. Дене шынықтыру және спорт басқармасы, қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша нақты шаралар қабылдап, осы бағытта қызмет көрсетететін спорт мектептерінің санын арттыру қажет. Жұмыстарды күшейтіп «Мұз айдыны» спорт кешенінің, өңірдегі спорт мектептерінің әлеуеттерін барынша пайдалануымыз керек»,- деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, өңірде тауарлар мен қызметтерді өткізу үшін интернет-ресурсты пайдаланатын 10 кәсіпорын тіркелген.Аталған кәсіпорындармен 2023 жылы 18 мыңнан аса тапсырыс жасалып, сауда айналымы 281 млн. теңгені құрады.Тапсырыстарды сақтау мен жеткізу бағытында аймақта «Қазпошта» желісінің 11 супермаркеті және өзгеде интернет дүкендердің тарату пунктері жұмыс жасайды. Қазіргі таңда тауар өндірушілер электронды портал арқылы өз өнімдерін сатуда.
Облыста барлығы 14 822 спорттық секцияда 342 223 адам, оның ішінде қысқы спорт түрлері бойынша 14 секцияда 153 спортшы спортпен шұғылданады. Спорт түрлеріне облыстық бюджеттен барлығы 1 млрд 869 млн. теңге бөлінсе, соның ішінде қысқы спорт түрлеріне 51 млн. 476 мың теңге қаржы бөлінген.Аймақтың климаттық ерекшелігіне байланысты «Мұз айдыны» спорт кешенінде қысқы спорттың 3 түрі бойынша үйірмелер жұмыс жасайды.
Бүгінгі таңда республикалық чемпионаттарда орын алып жүрген 4 спортшымыз бар. Оның екеуі шорт-тректен кіші жасөспірімдер арасында болса, екеуі мәнерлеп сырғанаудан. Өңірде барлығы 22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жасаса, оның ішінде1 спорт мектебінде қысқы спорт түрлерінен қызмет көрсетіледі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды

10.08.2026547 Views

Skills Enbek платформасында 99 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті

10.08.2026259 Views

Тамыз ҰБТ-сы басталды

10.08.2026281 Views
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды

10.08.2026

Skills Enbek платформасында 99 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті

10.08.2026

Тамыз ҰБТ-сы басталды

10.08.2026

Абай мұрасы Қазақстан мен әлем елдерінде кеңінен насихатталып келеді

10.08.2026

Қазақстанда цифрландыру медициналық көмек алуды жеңілдетті

10.08.2026

Қызылордадағы жаңа газ жылу электр станциясы 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндірді

10.08.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күнімен құттықтады

10.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.