Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

14.01.2025314 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазіргі таңда Сырдария өзеніне секундына 448 текше метр су келіп түсуде. Керкелмес су бекетінен 5 шақырым жоғары тұста өзенде сең жүру процесі байқалуда. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында су тасқынының алдын алу және дайындық шаралары туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, жақында өтетін Крещение мерекесіне орай су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылды.
– Облыс аумағынан өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1 274 шақырымды құраса, ал өзен бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 625,12 шақырымға жетеді. Өзен маңында су тасқыны қаупі бар 29 елдімекен орналасқан. Бұл аумақтарда 70 мыңнан астам тұрғын, 14 мыңға жуық тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта ықтимал су тасқыны кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, 53 эвакуациялық жинақтау және 36 эвакуация қабылдау пункті дайындалды. Қысқы кезеңде 22 орналастыру пункті және 13 учаскеде жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Авариялық-құтқару жүмыстарын жүргізуге азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары да әзір,- деді облыстық ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов.
– Бүгінде облыс аумағында қыс мезгіліндегі су айдындарында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, балық аулау кезінде және алдағы «Крещение Господне» мерекесі аясында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында «Мұз» акциясы ұйымдастырылуда. Науқан аясында 4 000-нан астам тұрғын, оның ішінде 200-ден астам балықшыға қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында күнделікті сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін рейдтік профилактикалық шаралар өткізілуде. Бұл шараларға «МИ-8» және «Еврокоптер» тікұшақтары, дрондар, «МАРШ» және «ТРЭКОЛ» жоғары өтімді техникалары жұмылдырылған. Сондай-ақ, «Крещение Господне» мерекесі кезінде белгіленбеген және жабдықталмаған жерлерде шомылуға, құтқару қызметі мен медицина қызметкерлері болмаған жағдайда суға түсуге тыйым салынған. Мұз үстінен тікелей суға сүңгуге және алкогольдік ішімдіктерді ішіп, мас күйде шомылуға болмайды,- деді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғафур Ақмырзаев.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026491 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026358 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026235 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.