Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Жаңалықтар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

14.10.20243 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Шиелі ауданы негізінен агроөнеркәсіпті өңір болғандықтан, мал санын көбейту, асылдандыру жұмыстарына жіті көңіл бөліп келеді. Бүгінде ауданда мал шаруашылығын асылдандыру бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жетістікте жаман емес. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйенсек, асыл тұқымды мүйізді ірі қараның саны 2171 басқа, асыл тұқымды қой малының саны 60111 басқа жеткен. Ал, асыл тұқымды түйе 367 басқа көбейсе, асыл тұқымды жылқы 281 басты құрап отыр.
ХІХ ғасырда қазақ даласында британдық герефорд бұқасы мен қалмақтың ірі қарасын будандастыру арқылы қазақтың асылтұқымды ақбас сиыры пайда болды. Бұқасы орта есеппен 800-900 келі, сиыры 450-500 келі тартатын тұқымға халық «құттымал» деп айдар тақты. Ресми мәліметтерге қарасақ, кезінде саны 1 жарым миллионға жуықтаған қазақтың ақбас сиырының қазір небәрі 637 мыңы ғана қалыпты. Егер ақбас тұқымды сиыр өсіруді қолға алсақ, жылына 60 мың тонна ет экспорттауға таптырмас мүмкіндік туады екен. Себебі, қазақтың ірі қарасы ет беру жағынан шетелдік асылтұқымды сиырлардан еш қалыспайды. Олар жайылым таңдамайды. Шөлге де, табиғат қолайсыздықтарына да шыдамды дейді мамандар. Қазақтың ақбас сиыры – ТМД-да алғаш болып шығарылған арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Жазда ыстыққа, қыста аязға өте төзімді. Осыны ескерген аудан шаруалары қазақтың “ақбас” деп аталатын ірі қара төлінің санын мейлінше арттыруды көздеп отыр. Асылында , адамзат баласын еңбек өсіреді. «Ер – егіз, ал еңбексіз – жалғыз» дейтініміз де сондықтан. Адамның көзін ашқаннан бастап, белі бүгілгенге дейінгі аралықтағы өмірі тұстастай еңбек етуге, саналы ұрпақ тәрбиелеуге, ұрпағына тәлім-тәрбие мен жанжағына үлгі-өнеге қалдыруға құрылады екен.
“Ауыл аманаты” жобасы арқылы игілікті бастаманы қолға алған жас кәсіпкер Нұрдана Нұрлыбекқызы асыл тұқымды жылқы санын көбейтуге бет бұрған. Ол мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, Жамбыл облысынан жамбы тұқымды 14 бас бие, 1 айғыр сатып әкелген. – Қазақ халқы “Жылқы – төрт түліктің төресі” деп, жылқыны мінсе көлік, жесе азық, ішсе сусын ретінде пайдаланған. Біз 2023 жылдан бастап осы жылқы төлін асылдандыруды жолдасым екеуміз қолға алдық. Бұл жылқы түрінің еті дәмді ә р і құнарлы. С а л м а қ қосу үшін де көп уақыттың қажеті жоқ. Әрі Қазақстанда сұранысқа ие. Осылай мал басын асылдандыру арқылы, аудандағы мал шаруашылығының дамуына өз үлесімді қоссам деймін. Алдағы уақытта көзделіп отырған мақсат, текті жабы жылқысының санын арттыру, – дейді қожалық иесі.
Иә, кәсіп бастаймын деген жанға қазір тиісті қолдау көп. Тек оның көзін тауып, атадан келе жатқан кәсіпті адал атқара білсе болғаны. Біздің де мақсатымыз адал бейнетпен іс жасап отырған еңбек адамдарын өзгелерге насихат етіп, қай салада болсын өз үлесін қосуға шақыру. Ал өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласына үлес қосып, асыл тұқымды мал санын арттырып, тындырымды тірлік жасап жүрген кәсіпкерлердің жұмысына сәттілік тілейміз.

Мейіржан Ибрагимов

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026364 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026177 Views

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026108 Views
Соңғы жаңалықтар

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

05.06.2026

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді

05.06.2026

Жаңа цифрлық шешімдер әскери қызметшілердің жұмысын жеңілдетті

05.06.2026

10 мыңнан астам қазақстандық әскери оқу орындары грантының иегері атанды

05.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.