Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА СТАДИОННЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА СТАДИОННЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

03.05.20246 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының сол жағалауына салынатын жаңа стадионның іргетасын қалау рәсіміне қатысып, қала тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен және құрылыстың басталуымен құттықтады.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру» деген болатын.
Возможно, это изображение 6 человек
Бүгін – аймағымыз үшін айтулы күн, көптен күткен қуанышты сәтте бас қосудамыз. Мереке күні өздеріңізбен бірге халықаралық талаптарға сай келетін, 10 мың орындық жаңа стадионның іргетасын қалаймыз. Өздеріңізге белгілі, Тәуелсіздік жылдары елімізде заманауи екі стадион, яғни «Астана арена» мен «Түркістан арена» ғана салынған. Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның салынғанына 60 жылға жуықтады. Стадион УЕФА талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан, біздің сүйікті командамыз «Қайсардың» жанкүйерлерінің ұсынысымен жаңа стадион салуға шешім қабылдадық. Баршамызға құтты болғай!», – деді аймақ басшысы.
Іс-шарада футболдан Қазақстан құрама командасының капитаны, бес дүркін ел чемпионы және Қазақстан кубогының жеңімпазы, екі дүркін Қазақстан кубогіның иегері Асхат Тағыберген жерлестерін құттықтады. Жаңа стадионның іргетасын қалау сәтінде мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов бата берді.
Айта кетейік, биыл Сыр өңірінде жағымды жаңалықтар мен жарқын жетістіктер жетерлік. Қызылорда қаласында құны 2 млрд 700 млн теңге болатын үстел теннисі орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Сырдария өзенінің сол жағалауынан физика-математика мектеп-интернаты, Оқушылар сарайы және музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Халықаралық стандарттарға сай келетін жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Өткен жылы аймағымызда 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталса, биыл аудандарда 4,7 млрд. теңгеге 12 спорт кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.
Возможно, это изображение 8 человек, люди играют в футбол, толпа и текст
Жыл басынан бері Сыр спортшылары әлемдік ареналарда өнер көрсетіп, облыс қоржынына 6 медаль салса, республикалық чемпионаттар мен кубоктардан 140 жүлде иеленді. Басты жетістік, Қамшыбек Қоңқабаев бокстан, Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Париж олимпиадасына, қос бірдей спортшы Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов отырып ойнау волейболынан паралимпиадаға жолдама алды. Дзюдо, парадзюдодан да үміткерлер бар.
©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.20261 486 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.20261 854 Views

Бектенов VS Сұлтанғазиев: Алматы облысының энергетикалық түйіні қашан шешіледі?

29.07.2026751 Views
Соңғы жаңалықтар

АРАЛДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

08.08.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

08.08.2026

5547 әскери бөлімінде «Алғашқы қызмет күні» іс-шарасы өтті

07.08.2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

07.08.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДА СУ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

07.08.2026

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ҚҰС ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

07.08.2026

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.